Алматы полициясы Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы тұрғынының әлеуметтік желілерде Д. Орманбаева азаматшаның ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялауы туралы арызы негізінде қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады", - делінген Алматы ПД хабарламасында.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Дана Орманбаева – публицист, продюсер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!