АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған Әкімшілік кодекске енгізілетін өзгертулер жобасында арнайы рұқсаттарды сот шешімінсіз қайтарып алу тетігі қарастырылған. БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Әділет министрі Азамат Есқараев бұл норма энергетика, жер қойнауын игеру салаларына қатысты екенін айтты.