Табиғатымыздың ең әдемі көріністерінің бірі - бес түске болатын ғажап өзен. Бұл өзен өзінің таңқаларлық бейнесімен ерекшеленеді.
Табиғаттың теңдессіз сыйы
Табиғат, шіркін бізді таңқадырудан жалықпайды. Жаратушы Иеміздің табиғатты шебер жаратқаны соншалық, адам ақылы сыймайтын көріністерге тоя алмаймыз. Тау - тас, ну орман, өзен - көл бәрі - бәрі адам үшін ерекше әсер беретін табиғаттың мызғымас бөлшегі. Әлемнің әр бұрышында сан - алуан ғажайып табиғат “галереясы” тұнып жатыр. Ендеше, сол “ суреттердің” бірін тамашалап көрелік.
Колумбия елінің аймағында орналасқан Каньон Кристаллес деп аталатын ғажайып өзен бар. Өзен өзінің жергілікті тұрғындарымен “ Бес түстің өзені” аталады. Ол - әлемдегі ең сұлу өзендердің бірі әрі бірегейі. Өзен Макарена тауының оңтүстігінен бастау алып, Колумбия елінен асып, Гуайаберо өзеніне келіп...