АСТАНА. KAZINFORM – Қылмыстық кодекстен бизнес мүддесіне қатысты бірнеше бап қылмыс санатынан шығарылмақ. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Экономикалық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылтудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.