ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанмен шекарадағы «Қапланбек» кеден бекеті биыл тамызда қайта ашылады. Бұл туралы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның жауапты орган өкілдерінен жасақталған арнайы жұмыс тобының кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.