ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодардағы жедел басқару орталығы - елімізде алғаш ашылған заманауи құқық қорғау жүйелерінің бірі. Бұл жерде үнемі сергек жүретін, жұмысы жұрт көзіне түсе бермейтін мамандар қызмет етеді. Олар шаһардағы қоғамдық қауіпсіздікті тәуліктің әр секундында, жылдың 365 күнінде кірпік қақпай күзетеді.