Мектеп сахнасына арналған ғаламшарлар туралы шағын көрініс.
Ғаламшарлар
(Көрініс)
Күн:
- Жер оян! Жан-жануарларыңа айт, менің жарығымнан жылу алып, тіршіліктерін істесін! Күндіз - еңбек үшін, түн - ұйқы үшін берілген! Жер, естідің бе? Қап, мына 149 600 000 км ара қашықтықтың, даусымды естіртпейтінін-ай!
Шолпан:
- Сәлем, Жарық Күн! Жерге сәлеміңді айта барайын?! Өзінен 300 000 есе үлкен ғаламшардың өтінішіне құлақ асар?!
Күн:
- Сәлем Шолпан! Ең ыстық ғаламшар болсаң да, барлық ғаламшарларға қарсы айналып, бір тынбайсың! Тоқтама, сәлемімді жеткіз!
Меркурий:
- Не болды "Шолпан, Шолпан" - деп Күн құрбым? Сенің жаныңда өзіңді ең жылдам айналатын...