Сырым ат жарысқа өзінің Ақмоншақ атты атын қосады. Аты бәйгеден алда келеді. Бұған ашуланған хан Сырымды өлтірудің қамына кіріседі. Хан Сырымға: «Күресуге адамыңды шығар, шығара алмасаң, жеңілгенің», — дейді. Сырым өзімен бірге келген Зілқара батырға барып: «Күресуге қалайсың?» — деген. Зілқара батыр: «Жолда келе жатып шөлдегенімде, жол бойында өсіп тұрған бір топ тобылғыны сығып, су шығарып іштім, ал күресу одан жеңіл. Мен әзірмін», — деп жауап қайтарған.
Екі жақтың батырларының күресінде Зілқара батыр жеңіске жетеді. Хан Сырымды өлтіруге мыстан кемпірді жібереді. Бір қапылыста мыстан кемпір Сырым мінген аттың үзеңгісіне мүшеаяқ уын жағып қояды. Алаңсыз Сырым еліне қайтпақшы болып, атының үзеңгісіне...