Шымкентте кортеж ұйымдастырғандар жол ережесін өрескел бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мегаполис көшелерінің бірінде болған "форсаж қойылымын" ПД-ның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары түсіріп алған.
Автожолдағы жастардың қауіпті көңіл көтеруін ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полицейлер тоқтатқан.
"Қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осылайша, автожолдағы мақтанудың соңы олар үшін алты айға көлік басқару құқығынан айырылумен аяқталды" - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жол қателікті кешірмейтінін және жол қозғалысы ережелерін жиі бұзудың соңы ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті. Жолдағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол ережелерін қатаң сақтау сұалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!