Астанада жосықсыз құрылыс салушылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.
"Биылғы қыркүйектің басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне "R-Club" және "R-Club Deluxe" ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді.
Үлескерлердің 4 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 миллион теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген", - делінген хабарламада.
Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
"Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!