АСТАНА. ҚазАқпарат – Үш жылда 655 денсаулық сақтау объектісін салу және 32 ауданаралық аурухананы жаңғырту жоспарланған. Бұл туралы Мәжілісте «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.