АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Түркия Транскаспий халықаралық дәлізі арқылы тауар тасымалын арттыруға ниетті. Мұны елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескеннен кейін бірлескен мәлімдеме жасаған ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.