АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл қарашада елімізге Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен келеді. Бұл туралы елімізге келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.