АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының лор-дәрігері Медет Маханбет құлаққа эндоскопиялық ота жасау тәжірибесін елге әкелген алғашқы дәрігер болды. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған дәрігер бүгінде республиканың барлық өңірінен келген науқастарды емдеп жүр. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі күз мезгіліндегі құлақ-мұрын күтімі, құлаққаптың зияны жөнінде дәрігермен сұхбаттасқан еді.