ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне барды. Президент білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.