АСТАНА. ҚазАқпарат - ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Анкарадағы Елшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен көшпенділердің дәстүрлі сусыны – қымызға арналған «Қымыз Fest» халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.