Париждің апелляциялық соты экс-президент Николя Саркозиді "телефонды тыңдау ісі" бойынша бір жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Саркози 2021 жылы сыбайлас жемқорлық, құпия телефон желісімен тыңдау әрекеттерін жасады деп айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның екі жылы шартты түрде, ал қалған бір жылын электрон білекзікпен үйқамақта өтейді.
Тергеу мәліметінше, Саркози адвокатының көмегімен судья Жильберт Азиберге Монако Князьдігінде қызметке тұруға көмектесуге уәде берген. Дегенмен, мәміленің өзі тегін болған жоқ. Мәселен, Саркози судьядан 2013 жылы оның "сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру" ісі бойынша тергеу барысы туралы құпия ақпарат сұраған.
Дәлел ретінде тергеуге тыңдалған біршама телефондар әкелінді. Осыдан кейін Саркозиге "телефонды тыңдау ісі" бойынша айып тағылды. Айыптау қортындысы Саркози мен оның бұрыңғы адвокаты Тьерри Герцог арасындағы әңгімеге байланысты анықталған.
2022 жылдың 5 желтоқсанында бұл іс бойынша апелляциялық сот процессі басталды. Саркозимен бірге оның басқа айыпталушылары адвокат Эрзог пен судья Азибер де аппеляциялық шағым түсірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!