ЮРМАЛА. ҚазАқпарат – Латвияда жанкүйерлер хоккейден Қазақстан құрамасын қолдау үшін тағы да акция ұйымдастырды. Бұл жолы Қазақстанның үлкен туы Юрмаладағы Балтық теңізінің жағалауында жайылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтемемен.