ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ордабасы ауданында биыл қаңтар–наурыз айларында ауылшаруашылығы саласында 7,7 млрд теңгенің көлемінде өнім өндірілді. Сондай-ақ, осы жылы 70,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып, бүгінгі күнге жоспар 93 пайызға орындалды. Бұл жайында аудан әкімі Нұрбек Бадырақов аймақтағы шаруалармен бірге өткен семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.