АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасындағы XXII әлем чемпионаты мәресіне жеткен болатын. Осы дода нәтижесінде Қазақстан әлем чемпионаты тарихындағы медальдар саны бойынша үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.