МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Биыл өңірде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Mangystau business» бағдарламасын іске асыру жоспарланған. Оның аясында өз ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлер жылдық 1%-бен 50 млн теңгеге дейін несие ала алады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.