АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-30 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының астанасы - Ташкентте 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан V Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Азияның 29 елінен 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.