АСТАНА. ҚазАқпарат – Көгілдір төлқұжатымыз бен көк туымыз – тарихтың өзінен туындаған және миллиондаған адамдардың жүрегінде шынайы жауап тудыратын біздің бірегейлігіміздің нақты нышандары. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.