АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Қазақстан-Чехия бизнес-форумының қорытындысы бойынша Skoda Transportation компаниясымен, EGAP экспорттық сақтандыру агенттігімен, Чехияның экспорттық банкімен, Тransco компаниясымен жалпы құны 230 млн еуроны құрайтын меморандумға және басқа да құжаттарға қол қойылды. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.