АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда бірнеше жыл бойы қызын зорлады деп күдікке ілінген сотталушының кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты сот ақтау үкімін шығарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.