ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Қарнақ атты ауыл бар. Қаратаудың баурайында орналасқан шағын елді мекеннің тарихы терең. Мұнда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған тайқазан құйылған. Қарнақ медреселерінде есімдері елге етене таныс ойшылдар Шәді Төре, Жаяу Мұса, Шортанбай Қанайұлы және Мұхтар Әуезовтің атасы Бердіқожа секілді көптеген ұлт зиялылары білім алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.