АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрлігі Астанаға келіп, ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік мұнайшылардың талаптары бойынша ресми шешім әзірлеп жатыр. Бұл туралы министр Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.