нумизматика
ХІІІ ғасырдың басында Жетісу, Сырдарияның бойында орналасқан қалалар мен Мауареннахрды басып алған Моңғол мемлекеті бұған дейін өз ақша жүйесі болмауы себепті, ақша соғу ісін өзі жаулап алған, ертеден ақша соғу ісі дамыған елдердегі ақша жүйесі бойынша жалғастырды. Моңғолдар өздері жаулап алып отырған жерлердегі ақша сарайларының өнімдеріне алдыңғы кезеңдердегі ақшалардан аздаған өзгешеліктер ғана ендіріп, көпшілігінде билеушілердің аттары мен лауазым-атақтарын алып тастап, анонимді түрде ғана соғып отырды. Тиындар беттеріне адам аттарынан тек Халиф Наср лид-Дин Аллахтың аты ғана түсірілді. Бұл халифтің есімі оның өлімінен кейін де біршама уақыт түсіріліп тұрған. Дегенмен, бұл кезеңде аз көлемде болса да Шыңғыс хан, Үгедей, Мөңку қағандардың...