Ел басына берілген құтты бағалап, егемендіктің аппақ туын желбіретіп жүру біздің, әрбір Қазақстан азаматының қолында. Біздің міндетіміз – сапалы білім алу, ел ертеңін ойлау, жауапкершілікті сезіну, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Білікті басшы мен қолдайтын халық, бірлікте әрекет жасау. Тәуелсіздікті бағалау, ұлттық мүддені қорғау – баршаға ортақ міндет, сол себепті тәуелсіздік қалай келгенін ұмытпай, жадымызда сақтауымыз қажет.
Сіз қай елде өмір сүрудесіз? Қазақстан Республикасы. «Тәуелсіз», «зайырлы», тілі мен діні, ділі мен салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары бар, шекерасы орныққан, билік жүйесі құрылған, азат елде тұрудамыз. Қайсар да батыр ата-балалар күшімен байтақ жер бұйырып, біртұтас ел болып отырмыз.
Тарих қатпарларына көз жүгіртсек, алғаш қазақ елі болып қалыптасуымыз XV ғасырдағы Керей мен Жәнібек хандардың Жетісу өлкесіне келіп, «Қазақ хандығын» құруынын бастау алады. XV-XX ғасырлар аралығы қазақ халқы үшін өте ауыр кезеңдер болды. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Сол сәттерде қиындықтарға төзе біліп бір жұдырыққа жинала білгендік арқасында қазіргі сәтте...