АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық оқушылар АҚШ-та тегін оқи алады. Мәселе оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюмнің кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.