АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.