Добавить новость

Хирург Центральной медико-санитарной части № 21 получил премию «ПроДокторов»

МЧС Ставрополья опубликовало фото дома в Пятигорске, где взорвался газ

Число пострадавших при взрыве газа в Пятигорске увеличилось до 4 человек

В Коломне в ГСГУ состоялся первый региональный слет волонтеров инклюзии



World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қара ағаш түбіндегі оқиға (Жалғасы)

15. САҒАДАТ БҮККЕН СЫР

Тар камераның торлы терезесымағынан жарқ-жұрқ еткен найзағай жарқылы көрінеді, Сағадат жалғыз. Жаңа бір әзірде көз іліндірмек болып еді, ойына Жәмит түсіп, ашудан шеке тамырлары білеуленді, маужыратып келе жатқан­ ұйқы да зым-зия жоғалды. Тісі шықырлады, бейне сирағын сындырып бара жатқан қақпанды  тісімен  қимақ  болған көкжалдың үні  дерсің. Күңірену ме, күрсіну ме, ыңырсу ма, әйтеуір, жаныңды түршіктіріп, денеңді тітір­кендірер бір дыбыстар қоса шығады. «Көрер­міз… көрерміз. Кездесерміз тағы да… Пайғамбардың  баласы  болсаң  да  сол  кезде…». Мұның тісінің  шықырын  баса  найзағай  шатыр-шұтыр етті.
«Әй, Құдай! Өзі сен барсың ба, жоқсың ба? Бар болсаң неге мені көрмейсің? Ана лағынеттер жазасыз кете бере ме? Неге тастамайсың солардың  төбесінен зіл батпаныңды? Мен сонда­ қырық жыл түрмеде отырсам да армансыз болар­ едім… Ол қолыңнан келмесе, мына мен отырған түрмеге жібер бір жасыныңды, қимайсың ба… Қия гөрші бір отыңды… Бүйтіп отырғанша жай соғып, тіл тартпай кетейін… Жалынамын… Сұраймын… Жіберші бір от оғыңды… Жұрт ең болмағанда «Сағадат сорлы найзағайдан кетті» – дейді ғой… Не еткен сараң ең… Маған сол өлімді де қимай тұрсың ба? Онсыз­ да тірі өлік болып тұрған менің немді аяйсың? Аяма… Түсіме Ордабектің кіріп, тісі ақсия күлетінінің өзі мені тірілер ауылынан алыстатып бара жатқанын сезесің бе Құдай? Сезсең неге селт етпейсің? Жібер бір жай отыңды…­».
Ол күңірене күрсінді, тағы да қалғыды, тағы да күбірлей бастады. «Әй, Ордабек, Ордеке! Тәңір  атқыр-ай, ізімнен  қалмадың  ғой… Өшің бардай тағы келіп тұрсың ба? Иә, иә… Сенікі жөн ғой. Оны білемін. Айттым ғой: «Бәрін мойным­а алдым» – деп. Риза шығарсың. Немене?­  Бәрін  айтқан  жоқсың  дейсің  бе? Нені  айтпаппын?  Ә… Суға  кеткендерді  ме? Иә, оны айтқан жоқпын… Айтсам, аналар бәрібір аман қалады да, мен келмеске кетемін ғой. Өзің де қызықсың ғой, сол нәлеттердің ісін көрмей-ақ қойсаң қайтетін еді, көрдің екен, мені бопсаламауың керек еді… Мен қайтемін, барамын да әлгілерге айтамын… Оларды білесің ғой…».
Иә, сол күні Ордабек Жаңақорғанға келген болатын. Мал жаятын тұста қаңғыбас иттер көбейіп кеткен еді, бұл болса атпен қуып жүріп, бұғалық тастап, жетеуін жер жастандырды. Мал болса өз бетінше жайылып жатыр, қол бос, енді не істейді, иттердің барлығын әдемілеп сойды, терілерді қоржынында жүретін тұзбен пұшпағына дейін қалдырмай тұздап тастады. Ойы – жұмыстан толастау кезде илеп, құлақшын тіккізбек. Ішінен «Үй ішімізбен ит терісінен бас киім киетін болдық қой» – деп өзін әжуалап та алады. Алыстау болса да ерінбей жаңа канал бойына апарып жеті иттің ішек-қарындарын тазалап, үнемі қанжығада жүретін қаптарға салып алды. Сол күні ауылдан туыс інісін шақыртып, малға ертеңге дейін қарай тұруын сұрады.
– Бала… Бір шаруа шығып тұр… Мен түстен кейін Жаңақорғанға бармақшымын. Ертең түске дейін келемін, малға қара, бір-екі бөтелек ала  келермін…
– Ордеке… Маған самапал жақпайтынын білесің  ғой… Тек  тазасынан  болсын.
– Келістік.
– Ордеке, жұрт «бөтелке» дейді, неге сіз «бөтелек»  дейсіз?
– Жаңақорғанда аднапалшаным бар, Юра деген кәріс, сол «бутелок» деп атайды, соны менің «бөтелек» деп қазақшалап алып жүргенім ғой.
Ол иттердің еті мен ішек-қарынын қапқа салып, кенттен бір-ақ шықты. Әскерде екі жыл бірге болған Юра үйінде екен, қуана қарсы алды.
– Әй… кәріс амансың ба?
– А… Фронт… кел, кел…
Юраның ұлты кәріс демесең, қазақша ағып тұр, әйелі неміс қызы Вера қазақша әндерді тамыл­жыта шырқайды, екеуінің де бабалары сонау өткен ғасырларда тағдыр айдап осы жаққа келіп қалған екен, енді бұлар солардың ізін жалға­уда, тынымсыз еңбекпен күн көруде. Ордабе­к келген шаруасын айтты, олар құптады. Юрада тұрақты жұмыс жоқ, жаз шықты күріш егіп  кеткені, өзі «менің мамандығым – гектарник»  деп мақтанып отыратын ол осы аудандағы бірден-бір ит майын «өндіруші». Иә, өкпесі ауыратындар, салқын тигендер және тағы сол сияқтылар Юраның құтыларға құйып сатар ит майын қолға тигізбейді. Ал, мектепте еңбек пәнінен сабақ беретін Вераның ит терісінен тіккен кеудеше, сумкаларын Ресейден де келіп алып  кететіндер  бар.
– Бір ит, мына бір семізі – Юра сенікі, бір тері, мына қара-сұр қылшықтысы – Вера сенікі, қалғанын  ақша  қылуым  керек.
– Білеміз ғой елдің жайын. Мақұл…
Тауарын өткізіп Ордабек мәз, арзан ет пен тері алғандарына үй иелері риза, столға отырды.­
Қас қарая масаңдау күйде ысқыра әндетіп, дария жақ шеттегі бажасының үйіне беттеген Ордабек кілт тоқтады. Кенттің шеткі үйлері ауласы мен дарияны жағалай салынған бөгеме биік аралығында машина жүре алатындай жол болғанмен, ылғи темір-терсек, қураған сүйек жататындықтан ол бөгеме биіктің үстімен келе жатқан болатын. Ойы – бірдеңеге шалынысып қалмай, осы әдемі күйінде қонар орнына жетіп алу. Бірақ, дария жаққа көзі түскен еді, жүрегі бір жамандықты сезгендей шаншып кетті. «Апыр-ау, мыналар кімдер? Өй! Мына біреуі Сағадат қой. Әне біреу – Жәмит пройдоха, ана дәу кім болды екен сонда? Ана… Ойбай… ана машина суға кетті-ау… мыналар жынды ма машин­аны  суға  ағызып? Қой,  бәлесінен  аулақ, тасалау  жерден  байқайын  бұларды».
Манағы мастықтан із де қалмаған, мына оқиға ойын сан-саққа жүгірткен Ордабек шеттегі үй сыртында бұзылып, моторының орны үңірейіп тұрған «Беларусь» тракторының кабинасына қалай тез мініп алғанын да байқамай қалды. «Мына МТЗ-80-ің нағыз набпункт екен» болды оған алғаш келген ой. Әскерде арнайы жасақта болып, барлаушы дағдыларын игергендігі кәдеге асты, ол өзін байқатпау үшін кабина­да жатқан май-май көне күпәйкені үстіне жамылып алып, барлық оқиғаны қарап отырды. Бір ойы – «Не істеп жатырсыңдар?» – деп, айғайлап жетіп бар дейді. Мұны, әсіресе, майдан байыған Жәмитке деген қыжылы түртпектеуде, өткен күзде солярканы екі есе бағасы­на сатқаны естен кетер емес, «Иттің баласы­ қанын ішіне тартып, бір тиын да түспей қатып қалды ғой сонда. Кеткен есе бір қайтар еді-ау». Екінші бір ой – Әй, тыныш жүр! Ана жауыздар өлтіре салудан тайынбайды. Бұл тегін емес, артын күт – дейді. Үшінші бір ой, бұл әлгі екінші оймен сабақтаса – бәрін көріп ал, сосын бұл миллионерлерді сыздықтата сормайсың ба, қисаңдаса – қорқытасың, оған көнбесе – заң орындарына домалақ арызды бұрқ еткізбейсің бе? – дейді.
Сәлден соң Ордабек соңғы ойын дұрыс деп тапты да, аналар көлікке мініп кеткесін, трактордан түсіп, бажасының үйіне келді. Өзіне риза, себебі, енді ол мол ақша көзіне кезіккеніне  сенімді  еді.
Ертеңіне түстен кейін інісіне базарлығын беріп, малға  шыққан Ордабек өзіне дән риза еді, аз-маз  ақша, кәмпит-печенье  сияқтылар әкеліп әйелінің, балаларының көңілін бір көтеріп тастады­, үй ішін ертеңгілік көптен болмаған­ жылы шуақ жайлады. Сиырлар жаңа шыққан көктен бас алар емес, мұның қоржын­ға тығып алып шыққан бір бөтелке арақты ашуға оңтайлана бастағаны сол еді, мотоциклге­ мініп, мал қарап жүрген көрші ауылдағы Сексеннің сап ете қалғаны. Қашан да сөзін «фіф…фіф» деп аузына жиналған сілекейін ішке тарта тамсанып алудан бастайтын одан естіген өсек мынау болды: «Мына «Өскен» колхозының кассирі мен «Уаз» жүргізушісі удай мас болып­ дарияға түсіп кетіпті. Ертеңгісін күтуге мал қосуға шыққан шалдар дария жағасында сиырлардың өкіріп-бақырып жүргенін көріп, тегін емесін сезеді. Сөйтіп, Андрей маскүнемді көндіріп, қайығымен сүзіп шықса, ескек жағалаудан оншақты метр жерде бірдеңеге тиеді дейді. Дария да көктем болғасын лайланып жатыр­ ғой, былайынша ештеңе көрінбейді, соныме­н не керек, аудандық ЧС бар, басқасы бар, әлгі жерді тексерсе, суға батқан машина екен, шығарып алыпты. «Марқұмдар арақ сасып­  жатыр» – дейді көргендер, мүрделерді экспер­тизаға  алып  кетіпті».
Анау мотоциклін тырылдатып кетіп бара жатқанда-ақ Ордабектің санасында сұмдық шындық бар көрінісімен ашылған болатын, араққа  да  зауқы  соқпай қалды, ойға берілді. «О, Құдай тас төбеңнен ұрғырлар! Кешегі дария­ға ағызып жүргендері осылар болмасын. Құдай-ау, осылар болмасым не, дарияға күнде машина кетіп жатыр дейсің бе, тошно солар болды. А-а… Түсінікті… түсінікті. Ендігі жұ­мысым Сағадат пен Жәмит сендермен болсын. Маған да бір Құдайдың көзі түскен екен, қашан­ғы қинасын. Ой, Алла-ау, берейін десең форточ­кадан да бере саласың-ау». Ордабек ертеңгі­ күнді асыға күтті. Бірақ колхозда ертеңі­не мал санағы жүріп, ойдағы шаруасына бір апта кештеу кірісерін де, тәңірімнің мұның мына жарық дүниеде тағы да бір апта күн кешуіне мүмкіндік беріп тұрғанын да сол сәтте ол білмеген  еді.
Бұл кезде аудан орталығында шұғыл мәжіліс өткізген лауазымды адам өзінің арам пиғы­лынан туған қылмыстың артын жабуға кіріс­кен-ді.
Жігіттер! Болар іс болды. Екі азамат бақилық болды, алдынан жарылқасын! Мұнда мына­дай жағдай болып жатқанынан хабарымыз жоқ, кеше облыс басшылары болып кеңесіп, колхоз төрағасын біз басқа облысқа қызметке ауысуына байланысты міндетінен босатқанбыз. Міне, өзі отыр, еліне қайтқысы келді, біз келісім бердік. Бұлай боларын кім білген. Барлық финан­совый құжаттар в порядке екен. Сондықтан істі дабыра қылмау керек, мас деген де әңгіме айтылмасын, несчастный случай дейік. Сорлылардың бала-шағалары ең болмаса жәрдемақы алсын. Бұлай болмаса қазалы үйді онан  сайын  қайғыға саламыз ғой, тергеу жүреді, мас  болғаны айтылады, үйі жәрдем­ақысыз қалады.­ Мұнымыз мұсылмандыққа жатпас, құдайдан үмітіміз бар, осыған келісейік, жабулы­ қазанды жабулы күйде қалдырайық. Қалай  қарайсыңдар?
– Заңға  томпақ  болмаса болды. Сізді қолдаймыз.
– Ол өзімізге, біздің имандылығымызға байланысты­.
– Банктен ақша алыпты деген сыбыс шығып тұр ғой…
– Мұны айтқан қайсысың? Кәні, тұршы орныңнан­. Случай… Сен… Сендер өсек қумаңдар. Өсек қуа берген адам өсектің жемі бола­тыны ықылым заманнан белгілі. Айтқан жоқпын ба жаңа, финансовый мәселеге қатысты әңгіме жоқ деп. Біз тексерттік, бәрі дұрыс. Міне, отыр ғой ауыл басшылары. Ел қаржысы өз орнынд­а. Ал, ертең «Пәлен еді, түген еді» дейтіндері­ң қазір айтыңдар ортаға шығып! Көрейік  кім  екендеріңді!
Бәрі сап тыйылды, лауазымды адамның мысы  басты. Мәжіліс  сол күні ол жоспарлаған­дай  мәмілемен  тараған  болатын…
Осының барлығын жаратушым біліп тұр­ғаны  хақ, содан  болар, бәлкім, қаһарлана  жерге­ қарай от оғын атып қояды. Аспан бейне қақ айрылардай, шатыр-шұтыр етіп, құлақты тұн­дырады, тар камераның терезесымағынан жарқ-жұрқ еткен найзағай жарқылы көрінеді, Сағадат жалғыз. «…Құлың болайын, Ордеке-ау, айтшы, енді нең қалды менде? Бәрін айттым ғой. Бәрін істеген дәу бастық пен Жәмит. Сен келіп мені бопсаладың, менің жаным мұрнымның ұшына келді. Менде қайдан ақша болсын… Әлгілерге айттым… Олар бір күн мұрсат сұрады­. Сенің қорқытқаның аз болғандай, олар түнімен мені қорқытты. Неге саған келеді? – дейді. Құдай-ау, бірден неге Жәмитке бармадың? Айтпай­сың, ә! Мені иі жұмсақ деп ойладың ғой, ә? Әрине, солай… Оны қойшы… екеуміз төбелесетін күні ақшаны алғасын маған тиіспеуің керек еді. Бәрінен бұрын мені «Ақша қалтам» деп мазақ қылғаның батып кетті, мазақ­тамауыңа, қорламауыңа болатын еді ғой. Жәмитке қарап «Бұл істің басы ғана, мен әлі талай келемі­н» – дегенің мені онан сайын ашындыр­ды. Оның үстіне Жәмит те «Саға­датжан-ау, мына жалмауыздан бір құтқарсаң – сен ғана құтқарасың.  Әйтпесе, екеуіміз де  мынағ­ан  өмір бойы  құл  болатын  сияқтымыз ғой» деп қайрай­ берді… Бары осы… А? Мені өлтіріп тастап, үйге неге барасың дейсің бе? Аналар ғой үйінің аужайын  біл  деген… Болдым… Енді айтатын да ештеңе  қалған жоқ…  Маза  бер…».

16. ТЕРГЕУ ӘЛІ БІТКЕН ЖОҚ

Түскі үзіліс кезінде 101-мен хабарласып, мән-жайды баяндаған Орынбек аудандық ішкі істер бөліміне келіп, алдағы жұмысты жоспарлау үшін өзіне бөлінген кабинетте отырыңқырап қалды. Санкция алу үшін ертең прокурорға апару керек, тергеуге беймәлім болып тұрған тұстар бар ма, әлде назардан қалып қойған жайтта­р бар ма, істі қайта қарап отырған, Нұрлан келіп: «Ореке, байқарсың, не то жағ­дай­лар болып жатқан сияқты», – деп ескертіп кетті. Кезекші Сағадаттың қатты қорылға басып­, ұйықтап жатқанын айтты, ойына мана бөлім бастығы­ның бұған жөнсіз тиісіп, «Істі неге дұрыс  жүргізбей  жатырсың?», – дегені түсті. Бұл да қарап қалмады: «Сізге тергеуді дұрыс жүргізбей жатыр», – деп арызданушы бар ма? Бар болса менің әрекетіме ведомствалық қадағалау жасайтын тергеу басқармасы мен прокурор бар. Бұған сіздің қатысыңыз қандай?» – деп тіктеле сөйледі. Мұныкі заң бойынша дұрыс, ол мұны күтпесе керек, үнсіз қалды.
Барлығы жоспар бойынша келе жатқан сияқ­ты. 101-мен әңгімеден ол мұны қайта шақыртатынын ұққан, «Біз түк білмеген бола берейік. Ананың ісі сотқа өтетін болсын. Сенің орныңа басқа тергеуші барып қалатын шығар, тікелей бастығың солай істейтін болар, бізге анау сотталып осында, десяткаға келсе болды, қалғанын кездескенде айтармын. Жалпы, «ход коньем» жасаймыз. Ясно?!» дегенінен осы іске қатысты тергеу басқа арнада қайта жалғасарын түсінген.
Көп күттірмеді, телефон безілдеп қоя берді. Тұтқадан Оңғарбаевтың дауысы қырыл-сырылын араластыра төпей жөнелді: «Былықтырып жатсың ба… басқа не бітіресің… бастықпен ұрысқа­ннан басқа қолыңнан не келеді сенің? Сезіктіні босатпақ дей ме… Әй… есің дұрыс па… Омаровты жібердім, қазір барып қалады, шыққанына бір сағаттан асты. Істі соған өткіз, Сексеуіл станциясында двойной убейства болып жатыр, соған барасың. Түнімен жет Ақмешітке. Түсіндің бе… Смотри, ә … бұларды…».
Орынбек «101-дің болжамы дұрысқа шықты-ау», – деп ойлады, істі өткізуге дайындауға кірісті. Омаров келісімен барлық жағдаймен таныстырып, беттері нөмірленген, тігілген істі өткізген ол бірінші қабатқа түсіп, уақытша ұстау абақтысына бас сұқты. Сағадат ояныпты. Мән-жайды айтты. «Алты жылдан бері дұрыс ұйықтағаным болды, түк сезбей қатып қалыппын», – деді ол.
Орынбекті Нұрлан, Асқар, Қазыбек үшеуі күре жолдан көлікке мінгізіп жіберді. Шығарып салушылардың жүздері жарқын, өз істерінің нәтижелі болғанына деген ризалық әр сөзден аңғарылады. Әзіл-қалжыңнан ту көтеріп тұрған әңгіме арасында енді бұрынғыдан да сақ болу керектігі айтылып қалды. Бұл оларға Сағадаттың «Алты жылдан бері дұрыс ұйықтағаным болды, түк сезбей қатып қалыппын», – дегенін айтты. Қазыбек те: «Ореке, біз де бүгін түк сезбей қатып ұйықтайтын шығармыз» – дегенде жігіттер  жарыса күлді. Олар істің сотқа кететініне, қылмыстының жазасыз қалмайтынына сенімді еді.
Ертеңіне облыс орталығынан бес жүз шақырым қашықтықтағы Сексеуіл станциясына кеткен Орынбек қылмыс бетін ашып, он күннен соң оралды. Облыстық ішкі істер департаментінің коридорында кездесе кеткен Омаров: «Оу, Ориксон! Қалайсың? Кеше Жанталиядан келдім, Макс айтпақшы мен барамын дегенше істі бұзылмайтындай етіп, шегелеп тастаған екенсің, менікі тек сотқа өткізу болды. Кешке жұмыстан соң мұны жуып жіберуге болады. Мен  қарыз болып қалғанды қаламаймын, еңбек – сенікі, атағы – менікі. Ну, как?»  – деп екі алақанын ысқылап қойды. Сырт адам «Ориксоны кім, Жанталиясы несі?» – деп қалуы мүмкін ғой, сондықтан мұны да аша өткен жөн, кім шығарғанын Алла біледі, әйтеуір, депар­таменттегілердің көбісі Жаңақорғанды – Жанталия, ал өзі құралпы жас тергеушілер Орынбекті – Ориксон деп атайтын. Бұл ыңғай таныта қоймады, ал ол ізінен қалар емес. «Әй, маладес Ориксон… Бұл бір біткен іс, успешный тергеу болды», – деп ол сөйлеп келе жатқанда Орынбек ішінен «Жоқ, тергеу әлі біткен жоқ… Негізгі шаруа енді басталады», – деп қарсылық білдірді. Иә, мұны дауыстап айтуға болмайтын. Тергеушіні он бес күннен соң құпия жүргізілер жаңа бір іс күтіп тұрған болатын.
Екі-үш күннен бері шуақ төгіп тұрған күн райы тағы бұзыла бастады, көкті бұлт торлады, тұтаса төнген бұлт мезгіл тал түс болса да төңіректі қараңғылық бояуымен әрледі. Үш-төрт күннен бері тып-тыныш болып қалған аспан­ лезде мыңдаған дию, жып-перілер ойнақ салғандай қалыпқа түсті, мұздай тамшылар себеле­й жөнелді. Аспанды қақырата, жерді тітірете найзағай ойнады. Кім білген, бәлкім, бұл жаратушымның пенделер тойымсыздығы мен жауыздығына деген ашу-ызасы ма екен, әйтеуір, өзгешелеу сатыр-сұтыр, жарқ-жұрқ етті.

СОҢЫ.
Авторы : Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, білім саласының үздігі, ақын, қарымды қаламгер Алдажар Әбілов

Сообщение Қара ағаш түбіндегі оқиға (Жалғасы) появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

"АЗИЯ ТРЕЙД" — надежный поставщик цветного металлопроката

Пресс-секретарь SHAMAN умер в Москве в возрасте 40 лет

ВС России впервые применили FPV-дроны на оптоволокне, устойчивые к РЭБ

Метеорный поток Леониды украсит ноябрьское небо

Музыкальные новости

В России вновь пройдет культурно-благотворительный фестиваль детского творчества «Добрая волна»

Певица Светлана Савинова встретилась со школьниками из Подольска

Сергей Собянин. Главное за день

"Локомотив" и "Факел" назвали стартовые составы на матч 15-го тура РПЛ

Новости России

Елена Вяльбе призналась, что жалеет о своих словах про бомбу и Лондон

Спортивный директор "Спартака" Амарал покидает команду

Курс Hamster Kombat вырос на 134% после победы Трампа на выборах

Соревнования по настольному теннису среди предприятий прошли в Подольске

Экология в России и мире

Россия возобновила прямые рейсы ещё в одну страну на тёплом море

Эти 4 сорта моркови можно посеять перед зимой и не пожалеть

5 типов алкоголиков: к какому можно отнести вас

В Сколково обсудили плюсы и минусы медийности

Спорт в России и мире

Кудерметова и Чжань Хаоцин проиграли в полуфинале Итогового турнира WTA в парах

Гауфф выиграла Итоговый турнир WTA - 2024

Кудерметова в паре с Чжань Хаоцин вышли в полуфинал итогового турнира WTA

Россиянка Кудерметова проиграла в полуфинале парного Итогового турнира WTA

Moscow.media

5 ГВт и 2 млн ускорителей: опубликованы детали проекта километровых ИИ ЦОД OpenAI

Где-то на болотах....

В 2025 году в России начнут выпуск нового грузовика собственной разработки

Freedom Holding Corp. увеличил выручку на 33% и купил SilkNetCom











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Утром в воскресенье беспилотники атаковали Москву и область

Правительство РФ утвердило стипендию в 30 тыс. руб для лучших студентов ДФО

Собянин: уничтожено 22 беспилотника, летевших на Москву

В России школьников научат оказывать первую помощь. Что нужно знать