НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Қазақстан Еуразия экономикалық одағының Кеден одағынан шығу туралы бастама көтергені жайлы ақпарат тарап жатыр. Бұған «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер» себеп болғаны жазылған. Stopfake.kz сайтының мәліметінше, бұл ақпарат – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.