НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аймақтарында спорттық құрамалардың дайындығы мәз емес. Сонымен қоса спортшыларды жас ерекшелігіне қарай жаттықтыратын бапкерлер жоқтың қасы. Аталған мәселені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.