Бір күнде 92 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні “Сергек” анықтады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров айтты , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА. 30 жастағы Алматы тұрғыны көлікті жалған нөмірмен жүргізіп, жол қозғалысы ережесін жиі бұзған. Полицейлер мұны «Қорғау сергек» жүйесі арқылы анықтады. Бұл жүйе енді жалған […]
Сообщение Бір күнде 92 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні “Сергек” анықтады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
Бір күнде 92 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні “Сергек” анықтады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров айтты , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
30 жастағы Алматы тұрғыны көлікті жалған нөмірмен жүргізіп, жол қозғалысы ережесін жиі бұзған. Полицейлер мұны «Қорғау сергек» жүйесі арқылы анықтады. Бұл жүйе енді жалған нөмір таққан автокөліктерді анықтай алады. Жалған нөмірлі көлікпен жол ережесін оңды-солды бұзған жүргізушіге 92 заң бұзушылық үшін 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынады,- деді ол.
Өткен жылы пилоттық режимде қосылған “Қорғау Сергек” кешені бір тәулікте қала жолдарында жалған нөмірмен жүрген 11 жүргізушіні анықтаған. Бір тәулікте олар 790 рет ереже бұзған.Айыппұлдың жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асады. Бұл көліктер қазір ұсталып, арнайы айыптұраққа орналастырылған.
Сообщение Бір күнде 92 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні “Сергек” анықтады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.