Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша, азаматтармен сындарлы диалог орнатуға қатысты тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жергілікті биліктің тұрғындармен кері байланысына айрықша көңіл бөлінуде , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен басқарма басшыларына әлеуметтік желіде белсенділіктерін арттыру, өтініштер мен сұрақтарға уақытылы, сапалы жауап беру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйеленіп, тиісті нәтижеге жеткенше әр апта сайын аймақ басшысының төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестің күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде қаралуда.
Кезекті басқосуда да кері байланыстың маңыздылығы туралы жан-жақты айтылды.
Жиында облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы баяндама жасап, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желідегі белсенділігі, тұрғындармен кері байланысы бойынша жүргізілген талдау қорытындысына тоқталды.
Ол әлеуметтік желіде жазылған кейбір шағын мәселелерге аудан, қала, басқарма көлемінде тиісті жауап берілмеген соң облыс әкімінің, республика деңгейінде көтеріліп жататынын жеткізді.
«Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ жетекшісі Бақкелді Тұрсынбек күнделікті жамбылдықтардан түсіп отырған өтініштердің мазмұны мен жауап берілу барысына тоқталды. Кешіктірілген өтініштер мен немқұрайлы қарағандар туралы баяндады.
Облыс әкімінің жақында тағайындалған кері байланыс жөніндегі кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков әлеуметтік желідегі өзекті мәселе көтерген жазабаларға шолу жасап, оларға берілген жауаптардың сапасына назар аудартты.
Нұржан Нұржігітов кемшіліктер бойынша қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жауаптар алып, кері байланысқа салғырт қарамау керектігін ескертті. Бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын атап өтіп, апта сайын саралап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп отыру үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сообщение Н. Нұржігітов: Жергілікті билік халықпен тиімді кері байланыс орнату қажет появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.