Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлау және мәні біржақты сөзі назарға ілігеді. Мүмкін оның мәлімдемесі ресейлік қоғам мен саяси құрылымның белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін шығар, бірақ біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі қолданыстағы келісімдерге ешбір жағдайда сәйкес келмейді", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Сыртқы істер министрлігі мұндай сөздер "тату көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық серіктестік қарсыластарына көмек болады" деп санайды.
"Ол Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне кіреді деп ойлаймын", - деді министрліктің баспасөз хатшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!