Қырғызстанда Бас прокуратура мемлекет басшысы Садыр Жапаровты жауап алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz-ке қадағалау органының баспасөз қызметі президенттен бүгін жауап алынатынын хабарлады.
"Садыр Жапаров 2010 жылғы маусымдағы оқиғаға қатысты іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырылды", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, осыған дейін дәл осы іс бойынша Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысынан жауап алынған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!