НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі - 5,3%. Ал ЭЫДҰ әдістемесі бойынша, Қазақстандағы кедейшілік деңгейі орта есеппен 10%-ды құрап отыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықтың табысын арттыру бойынша арнаулы бағдарлама әзірленіп, қабылданған еді. Ендігі мемлекеттік басқару саясатындағы басым бағыт халықтың тұрмыстық әл-ауқатын, орташа табыс көлемін көбейтіп, кедейлік деңгейін азайту болып отыр. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында.