Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 3 курс студенті Жолдықара.М
Жетекші ҚазҰУ аға оқытушысы Тунгатова.У
www.kaznu.kz
Қазақ халқының Ислам дінімен таныс болғанына мың екі жүз жылдан астам уақыт өтті.Содан бері салт-санасы,әдет-ғұрыптары,мәдениеті мен әдебиеттері мұсылмандыққа бейімделіп,ислам діні халық ділімен біте қайнасып,ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналды.Халық ұстанған әдет-ғұрыптары ислам шариғатына сәйкес құқықтық нормалардың бастауларының бірі болып саналады.Қаситті Құранда:”Ғафу жолын ұста,ғұрыппен әмңр ет және надандардан теріс айнал” деп бұйырған.
Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрдердің ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілді.Әрбір халықтың мәденеитін танымдық тұғырын айқындап беретін таразы сол халық ұстанған...