Мақалада ұлттық қауіпсіздік саласында діни конфессиялардың рөлі. Сонымен қатар ұлт қауіпсіздігін сақтауда діни келісім және диалогты сақтау
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дінаралық келісім үлгісін қалыптастыру және сақтап қалу, дамыту жұмыстарын қарқынды жүргізу өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты қазіргі таңға дейін дінаралық келісімді дамытуда Республикалық, әлемдік деңгейде жобалар ұйымдастырылып, заң аясында біршама нормативтер мен қағидаттар қабылданды.
Түрлі ұлттар мен этностардың тарихи сенімдерінің өзара әрекеттесуін реттеу және этноконфессионалды қақтығыстарды болдырмау, болған жағдайда заң аясында реттеу «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылдың қаңтардың 6 күні қабылданған заң негізінде жүргізіледі. Атап айтар болсақ ұлттық қауіпсіздік туралы заңның 1- ші тарауы, «Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер» жайлы 6-бабында ұлт және конфессияаралық қақтығыстар тәртiпсiздiк, сонымен қатар әлеуметтік, қоғамдық және саяси...