Зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ, бала тәрбиесінде үш буын (generation — ұрпақ) бірге болған кездебала үшін өте пайдалы болады екен. Ал бұл үш буынға келсек, олар: бала, әке-шеше, ата-әже. Демек, бала, әке-шеше, ата-әжесімен бірге болған кезде оның дамуына ерекше әсер етеді екен.
Ата-әже — біздің байлығымыз, берекеміз. Қолда бар алтынның қадірін білуіміз керек. Кез келген бала ата мен әженің мейірім-махаббатын аңсайтыны бәрімізге мәлім. Себебі ата-әженің немересіне деген махаббаты ерекше. Мүмкін, жасы келіп, даналыққа қол жеткізгендіктен, балалардың періштеге тән пәктігін анығырақ байқап, олардың балалықпен істеген кез келген қылығына шыдамдылық таныта алатын шығар.
Ал кейбір ата-әжелеріміз өзінің ата-әже екенін ұмытып, әке-шешенің орнын басуға...