Ғалымдар шай, кофе және сүтті тамақтан кейін ең аз 45 минут өткеннен соң ішу керектігін айтады. Тамақтың артынша немесе тамақпен бірге ішілетін шай, кофе және сүт феррум (темір) аздығына, (яғни анемияға) себеп болуы мүмкін. Мамандар шай және кофенің құрамындағы элементтердің ферруммен бірігуі себепті, астағы феррумның денеге сіңуінің азаятынын айтуда. Мамандардың берген мәліметтері бойынша темір (феррум) элементінің организмдегі мөлшері жүкті және етеккірі келген әйелдерде өте азайып кетеді екен. Тағы бір маңызды жайт, бесіктегі нәрестелермен жеткіншек жастағы балалар организмінің өсуінде де феррумның (темір) аса қажетті элемент екендігі.
Біз тамақтану дағдымыз арқылы темірдің денемізге сіңуін арттырып-азайта аламыз. Мамандар: «Шай ішпеңдер демейміз әрине. Шайды...