НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыған дейін басқа санат бойынша үй кезегінде тұрған кей қазақстандықтарға жаңадан басталған жалға берілетін баспана субсидиясын алуға рұқсат беру мүмкіндігі қаралады. Бұл туралы Отбасы банк АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.