ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 ауылында жауын-шашын салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру бойынша шұғыл әрекет жасалуда. Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, олар туыстарының үйлерін уақытша паналауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.