НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жеті томдық академиялық басылымы дайындалып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.