14 наурыз - қазақтың қыстан аман шығып, бір-бірімен дидарласып, " қыстан аман-есен шықтың ба?" , "мал-жан аман ба?" десісіп, көрісетін күні. Сондықтан оны ежелден қазақтар "Көрісу күні" деп атап кеткен. Бұл мейрамның ертеден маңызы зор болды, себебі 6 ай қыстан халық қыстауда күнелтіп, бір-бірінен хабарсыз кеткен, сонан соң көктем туып, айнала көгалдана бастағанда көктеуге көшіп, халық бір-бірімен жүздесіп, бір шуласып қалатынды-мыс. Бірақ, бүгінгі күні әлеуметтік желі дамыған,ұялы телефонсыз адам жоқ, көшіп-қонбай, барлығы жыл 12 ай өз баспаналарында отырады, сондықтан болар, бұл мейрамның қазір қадір-қасиеті төмендеп кетті. Қазақстанның Батыс аймағының кей өңірлерінде ғана бұл дәстүр әлі жалғасуда.
Сондай көненің көзі...