Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрымен бірлесе отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Сәуір айы «Театр айы» болып жарияланады! Осы келісімге сәйкес біз сәуір айының он бесінші жұлдызында қазақтың маңдайына біткен жазушысы- Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі романы «Махаббат, қызық мол жылдардың» спектакліне бардық.
Маған ерекше әсер қалдырған бұл қойылым келген әрбір көрерменнің ерекше махаббатына ие болды.
Қойылым оқиғасы майданнан аман оралған ардагер жазушының бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алады. Бас кейіпкер Ербол образы арқылы қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен шынайы махаббат сезімі баяндалады. Жас солдаттың Алматы қаласындағы Қазақ университетіне түсіп, 33-ші аудиторияға кіргеннен бастап, өмірі бақыт пен өкінішке, қуаныш...