Алматыда екі көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі quot;Алматы жылу желілеріquot; компаниясына сілтеме жасап.amp;nbsp;
quot;2022 жылғы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 06:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданында Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелері қиылысындағы көлік қозғалысы шектеледіquot;, - делінген хабарламада.
Жол астынан өтетін жылу желілеріндегі жұмыстарды (жабынның апат плитасын ауыстыру) жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізілгені айтылды.
quot;Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, осы учаскені айналып өтуге болатын жолдарды алдын ала қарастыруды сұраймызquot;, - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!