Шөмішбай Сариев — өткен ғасырдың 70-жылдары ақындық жолын бастап, бүгінге дейін белсенді шығармашылық қызметін жалғастырып келе жатқан ірі таланттарымыздың бірі. Оның есімі өлең сүйер, ән сүйер қауымға кеңінен таныс. Ақынның лирикалық жырлары мен ән өлеңдері көптеген қазақ композиторларының шығармашылығына арқау болған. Бұл салада ол кешегі Қадыр Мырза-Әлі, Тұманбай Молдағалиев, көзі тірі Мұзафар Әлімбаев сияқты ән текстерін көп жазған ақын ағаларының өнегесін ұстап қалғандай көрінеді. Оның талантты туындылары халық сүйіспеншілігіне бөленіп, көптеген мемлекеттік және қоғамдық, әдеби марапаттарға ие болған. Ол Франц Кафка атындағы Халықаралық алтын медаль (2003) мен Тәуелсіз Қазақстанның Тарлан сыйлығын алған.
АҚЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
/Алғы сөз/

Ақындығының үстіне Шөмішбай —...